ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты ақпаратты тексеріске алды
© Сурет: Instagram/garshone и chbd.chbd.chbd
Қазнетте танымал стендап-комик Нурлан Сабуровтың әрекеттеріне байланысты қызу талқылау жүруде. Мәселеге қатысты Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін, әлеуметтік желілерде комиктің "Легион Вагнера Истра" ұйымына 10 эндуро мотоциклін табыстады делінген видео пайда болды. Осыған байланысты кейбір қазақстандық белсенділер 34 жастағы әзілкештің әрекетін тексеріп, оны жауапкершілікке тартуды талап етті.
2026 жылғы 11 ақпанда жағдайға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы өкілдері түсініктеме берді.
"Шетелдік органдардың шешіміне біз түсініктеме бере алмаймыз. БАҚ-та жарияланған ақпараттың барлығы тексеруді, зерттеуді қажет етеді. Онда аталған Қылмыстық кодекстің 170-бабы ("Жалдамалылық") – бұл негізінен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыретіне жатады", – деді Мәжілісте өткен брифингте Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.
16 ақпанда ҰҚК баспасөз қызметі редакция сауалына жауап беріп, аталған ақпараттың назарға алынғанын және тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, 2026 жылғы 6 ақпанда бірқатар ресейлік БАҚ пен Telegram-арналар Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғанын хабарлаған болатын. Алайда Ресейдің ресми органдары бұл шешімге қатысты түсініктеме бермеді. Әлеуметтік желілерде шектеу миграциялық және салық заңнамасын бұзуға байланысты болуы мүмкін деген болжамдар айтылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:19, 16 ақпан 2026
Тоқаев UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады
-
17:12, 16 ақпан 2026
Олимпиада-2026: Қазақстанның қос спортшысы шорт-тректен ширек финалға өтті
-
17:05, 16 ақпан 2026
Қанат Ысқақов ҚР мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі болып тағайындалды
-
16:55, 16 ақпан 2026
Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атануы мүмкін
-
16:46, 16 ақпан 2026
Оқушыларға смартфонды тек сабақта ғана емес, үзілісте де қолдануға тыйым салынуы мүмкін





