Қысқы Олимпиада: шорт-трекші Ольга Тихонова кезекті жарыс күнін аяқтады

18:16, 15 ақпан 2026

© Сурет: olympic.kz

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпия ойындарында шорт-трек сайысынан 1000 метр қашықтықта әйелдер арасындағы іріктеу кезеңдері өтіп, ширек финалистер анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыс алаңына 7-топта шыққан отандасымыз 3 дүркін Олимпиада чемпионы Арианна Фонтана (Италия), 2 дүркін әлем чемпионы Флоранс Брюнелль (Канада) мен Мирей Накашимамен (Жапония) сайысқа түсті. Нәтижесінде Ольа Тихонова 1:31.777 уақыт көрсеткішімен 4-орынға тұрақтады.

Жарыс ережесі бойынша, 1-2-орын алғандар мен 3-орынға тұрақтаған 4 спортшы ширек финалға өтті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!