Алматы, Қонаев және Талдықорғандағы әскери техника: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Бүгін, 2026 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі үш қала көшелерінде әскери техниканың жүруіне қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәлімдемеде Қорғаныс министрінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеріс жүргізіліп жатқаны айтылған.
Осыған орай 16–18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техниканың қозғалысы жүзеге асырылады. Соған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз, – деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в InstagramИсточник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!Тағы да оқыңыздар:
- 13:33, 16 ақпан 2026
Шайдоров промокоды: Қазақстанда жаңа жеңілдіктер легі пайда болды
- 13:26, 16 ақпан 2026
Оралда түнгі клубтарға жаппай тексеру жүргізіліп, бірқатар заңбұзушылықтар анықталды
- 13:19, 16 ақпан 2026
Атырауда жол сақшылары жылдамдық асырған 1,5 мыңнан астам жүргізушіні анықтады
- 13:10, 16 ақпан 2026
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
- 13:02, 16 ақпан 2026
Өскеменді көк түтін басты





