Қазақстанда бірнеше жолда жүк көліктерінің қозғалысы шектелді

18:12, 15 ақпан 2026

© Сурет: Zakon.kz

2026 жылғы 15 ақпан сағат 18:30-да ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы:

  • "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы).

Қызылорда облысы:

  • "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).

Жолды 2026 жылғы 16 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!