Шаңғымен тұғырдан секіруден Илья Мизерных Қазақстан тарихындағы ең үздік нәтижені тіркеді

17:52, 15 ақпан 2026

© Сурет: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Италияның Валь-ди-Фьемме кластерінде шаңғымен тұғырдан секіруден үлкен трамплинде Илья Мизерных пен Данил Васильев те финалда өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал Илья Мизерных іріктеу кезеңінде көпшілікті таңғалдырып, ТОП-10-ға кірді.2024 жылғы жасөспірімдер арасындағы Канвон Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерных іріктеу кезеңінде ең ұзақ 140,5 метрге дейін секірді.

Жүлдегерлер:

1-орын. Домен Превц (Словения) – 301.8 ұпай;

2-орын. Рен Никайдо (Жапония) – 295.0 ұпай;

3-орын. Кацпер Томасяк (Польша) – 291.2 ұпай;

8-орын. Илья Мизерных – 281.6 ұпай;

27-орын. Данил Васильев – 235.9 ұпай.

Илья Мизерных жарыс барысында Олимпиада чемпионы Филипп Рейменд (Германия), Йоханн Андре Форфанг (Норвегия), Андреас Веллингер (Германия) сынды фавориттерден озып кетті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!