Қанат Ысқақов ҚР мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі болып тағайындалды
© Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 16 ақпанда ҚР үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қанат Жұмабайұлы Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда, соның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінде, ҚР Президенті әкімшілігінің ҚР Мемлекеттік Хатшысының хатшылығында, ҚР Президенті әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында жұмыс істеді.
- 2012-2021 жылдары – ҚР Президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.
- 2021-2023 жылдары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы.
- 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі.
Бұған дейін Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалғаны белгілі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:29, 16 ақпан 2026
17 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауатыны болжанады
-
18:22, 16 ақпан 2026
Ауыл әкімдерінің бюджетіне келіп түскен түсімдер саны аталды
-
18:01, 16 ақпан 2026
Мемлекет басшысы Литва президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
-
18:00, 16 ақпан 2026
Жаңа Конституция жобасы шет мемлекеттер мен халықаралық институттардың өкілдеріне таныстырылды
-
17:42, 16 ақпан 2026
Заңға өзгерістер мен түзетулер енгізілгеннен кейін ауыл әкімдері 11 функциясынан айырылады





