Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атануы мүмкін

16:55, 16 ақпан 2026

© Сурет: Instagram/LenaRybakina

Дубайда әйелдер арасындағы беделді WTA 1000 Dubai Tennis Championships турнирі басталды. Әлемнің үздік теннисшілері қатысып жатқан жарыста Қазақстанның көшбасшысы Елена Рыбакина да өнер көрсетеді. Ұйымдастырушылар қазақстандық спортшыны мықтылардың тізбесіне қосқан, деп хабарлайды Zakon.kz

WTA 1000 Dubai Tennis Championships турниріне әлемдік рейтингтің алғашқы екі сатысында тұрған теннисшілер – Арина Соболенко мен Ига Швёнтек қатыспайды. Қазіргі бірінші ракетка саналатын Соболенконың көшбасшылығына әзірге қауіп жоқ. Ал Швёнтек осы аптада әлемнің екінші ракеткасы атағынан айырылып қалуы мүмкін.

Жаңартылған рейтингте Ига Швёнтек пен Елена Рыбакина арасындағы айырмашылық небәрі 280 ұпайды құрайды.

Егер Дубай корттарында сәтті өнер көрсетсе, қазақстандық теннисші бірнеше күн ішінде польшалық спортшыны басып озып, әлемдік рейтингтің екінші сатысына көтерілуі мүмкін. Бұл – Рыбакинаның кәсіби мансабындағы ең жоғары көрсеткіш болмақ.

Рыбакина мықтылар тізбесінде болғандықтан, алғашқы айналымға қатыспайды. Келесі кезеңде ол әлемдік рейтингте 94-орында тұрған аустралиялық Кимберли Бирреллпен кездеседі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!