Үкіметтің заң шығару жұмысының ережелері: не өзгереді
© Фото: senate.parlam.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 шілдедегі қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нақтылай айтқанда, Үкіметтің заң шығару жұмысы орталық атқарушы органдармен, сондай-ақ олармен келісім бойынша өзге де мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады және оған, басқа мәселелермен қатар:
- Президент Әкімшілігімен заң жобаларын келісу қағидаларына сәйкес заң жобасын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу;
- заң жобасын Президент Әкімшілігімен және Үкімет аппаратымен келіскеннен кейін, оны Құрылтайдың қарауына енгізгенге дейін заң жобасына ғылыми-лингвистикалық сараптама жүргізу;
- заң жобасын Құрылтайға енгізу;
- заң жобасын Құрылтайда қарау кезінде таныстыру және сүйемелдеу кіреді.
Консультативтік құжатты, сондай-ақ заң жобасы және қабылданған заң бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасын әзірлеу жөніндегі талаптар республикалық бюджет туралы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы, республикалық және облыстық бюджеттер, астана және республикалық маңызы бар қалалар бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заң жобаларына, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларына қолданылмайды.
Консультативтік құжатты әзірлеу Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларын, Конституциялық соттың жыл сайынғы жолдауының ережелерін, Конституциялық соттың және Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларын, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын және оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Үкіметтің шешімдерін, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін, заңнаманың тиімділігіне жүргізілген талдауды, тиісті салалар мен қоғамдық өмір бағыттарындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін, қолданыстағы заңнама мәселелері бойынша өткізілген ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар мен кеңестердің материалдарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, үкіметтік емес ұйымдар ұсынған материалдарды, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпаратты ескере отырып жүзеге асырылады.
Консультативтік құжатты әзірлеу мыналарды қамтиды:
- қолданыстағы заңнаманы және құқықтық реттеудің тиісті саласындағы тәжірибені талдау, проблемаларды және қолданыстағы құқықтық тетіктердің жеткіліксіз тиімділігінің себептерін айқындау (бар болған жағдайда), оның ішінде ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін көптеген актілердің бар-жоғын анықтау;
- экономикалық, социологиялық, статистикалық және өзге де қажетті ақпаратты зерделеу, жинақтау және талдау;
- ұсынылатын шешімдерді қабылдаудың әлеуметтік, қаржылық-экономикалық, экологиялық, құқықтық және өзге де салдарын (оң және теріс) зерттеу және болжау, оның ішінде ықтимал әлеуметтік тәуекелдерді, сондай-ақ осындай шешімдерге байланысты белгілі бір саладағы қоғамдық қатынастардың даму үрдістері мен нұсқаларын талдау;
- халықаралық тәжірибені зерделеу және салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу;
- заң жобасы қабылданғаннан кейінгі келесі бес жыл ішінде қоғамдық қатынастардың реттелетін саласында қол жеткізілетін күтілетін нәтижелер мен (нысаналы) индикаторларды айқындау.
Заңды қабылдау қажеттігін дәлелдейтін уәждер нақты болуы және жағымсыз құбылыстар мен процестердің қолданыстағы заңнаманың жеткілікті тиімді болмауымен байланысын жан-жақты көрсетуі тиіс. Дәлел ретінде құқық қолдану тәжірибесінен мысалдар келтіріліп, болған жағдайлардың қысқаша мазмұны, қорытындылар мен ұсыныстар көрсетілуі қажет.
Ұсынылып отырған шешімдердің әлеуметтік салдарын болжау кезінде олардың жалпы қоғамның дамуына да, жекелеген әлеуметтік топтарға да, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға әсері талданады: білім беру деңгейіне және халықтың жұмыспен қамтылуына, қоғамның әлеуметтік құрылымына, денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігіне, тұрғын үй жағдайын жақсартуға, азаматтық қоғам институттарының дамуына ықпалы бағаланып, әлеуметтік сипаттағы ықтимал тәуекелдер мен өзге де салдар қарастырылады.
Ұсынылып отырған шешімдердің қаржылық-экономикалық салдарын болжау кезінде оларды қабылдауға байланысты:
- республикалық және жергілікті бюджеттердің тікелей және жанама кірістері мен шығыстары, оның ішінде гранттық қаржыландыру мен қарыздарды тарту;
- құқық қолданушылардың және заң нормаларын іске асыратын өзге де субъектілердің кірістері мен шығыстары;
- өзге де шығыстар мен кірістер, сондай-ақ өзге экономикалық әсерлер (бәсекелестіктің дамуына ықпалы, кредиттік ресурстардың қолжетімділігі, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және басқа да салдар) бағаланады.
Ұсынылып отырған шешімдердің экологиялық салдарын болжау кезінде заң қабылданғаннан кейін қоршаған ортаға тигізілетін әсердің бағыты, сипаты және деңгейі бағаланады.
Құқықтық салдарды болжау аясында ұсынылып отырған шешімдердің белгілі бір саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің қолданыстағы тетігіне ықпалы, оның ішінде құқықтар мен міндеттерді белгілеу немесе нақтылау, құқықтық олқылықтарды жою, кемшілігі бар, тиімсіз және декларативтік нормаларды алып тастау мәселелері бағаланады.
Консультативтік құжатқа онда көрсетілген мәліметтердің негізділігі мен дұрыстығын дәлелдейтін тиісті материалдар міндетті түрде қоса берілуі тиіс.
Консультативтік құжатты жария талқылау қорытындысы бойынша әзірлеуші заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттігі немесе мұндай қажеттіліктің жоқтығы туралы шешім қабылдайды.
Заңды қабылдау қажеттігін дәлелдейтін уәждер нақты болуы және жағымсыз құбылыстар мен процестердің қолданыстағы заңнаманың жеткілікті тиімді болмауымен байланысын жан-жақты көрсетуі тиіс. Дәлел ретінде құқық қолдану тәжірибесінен мысалдар келтіріліп, орын алған жағдайлардың қысқаша сипаттамасы, қорытындылары мен ұсыныстары көрсетілуі қажет.
Сондай-ақ заң жобасына тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар тек Президенттің Қазақстан халқына елдегі жағдай және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Жолдаулары аясындағы тапсырмасы бойынша ғана енгізілуі мүмкін екені көрсетілген.
Құрылтай депутаттары заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жұмысына кез келген кезеңде қатысуға құқылы.
Әзірлеуші заң жобасын республикалық бюджет туралы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы, республикалық және облыстық бюджеттер, астана және республикалық маңызы бар қалалар бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заң жобаларын, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын қоспағанда, ғылыми-құқықтық, экономикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және өзге де сараптамалардан өткізу үшін жолдауды қамтамасыз етеді.
Дайындалған заң жобасы ілеспе құжаттарымен бірге келісу үшін мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жолданады.
Нақтылай айтқанда, ілеспе құжаттар деп мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған мынадай құжаттар түсініледі:
- Үкіметтің заң жобасын Құрылтайға енгізу туралы қаулысының жобасы;
- қолданыстағы заңдарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың негіздемесі көрсетілген қолданыстағы және ұсынылып отырған баптардың редакцияларының салыстырмалы кестесі қоса беріледі;
- тиісті заң қабылдануына байланысты өзгертілуге немесе күші жойылды деп танылуға жататын заңдардың тізбесі.
Бұл ретте негіздемелерде Комиссия отырысында мақұлданған консультативтік құжаттың нақты тармағына немесе ережесіне міндетті түрде сілтеме жасалады.
Заң жобалары, кодекс жобаларын қоспағанда, мемлекеттік органдармен 5 жұмыс күні ішінде, ал Әділет министрлігімен 7 жұмыс күні ішінде келісіледі.
Жеңілдетілген тәртіппен әзірленетін заң жобаларына консультативтік құжатты әзірлеу жөніндегі талаптар қолданылмайды.
Заң жобаларын дайындаудың жеңілдетілген тәртібі Конституциялық соттың түсіндірмесіне сәйкес Конституцияға сәйкес келмейді немесе сәйкес келеді деп танылған заң нормаларына қатысты қолданылады.
Бұл ретте Конституциялық соттың түсіндірмесіне сәйкес Конституцияға сәйкес келмейді немесе сәйкес келеді деп танылған заң нормаларына қатысты жеңілдетілген тәртіппен әзірленетін заң жобасы тек Конституциялық соттың шешімін іске асыруға бағытталған нормаларды ғана қамтуы тиіс.
Заң Құрылтайда қабылданғаннан кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей әзірлеуші орган қабылданған заңды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасын бекітеді. Бұл бағдарлама міндетті түрде Әділет министрлігімен және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
Қаулы 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:12, 21 шілде 2026
«Құдды торнадодай»: Павлодар облысындағы ауылдың бір бөлігін дауыл ойрандады
-
21:58, 21 шілде 2026
Полиция электрлі самокатты қауіпсіз пайдалану қағидаларын еске салды
-
21:12, 21 шілде 2026
Триатлоннан Түркістандағы Азия кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандықтар анықталды
-
20:51, 21 шілде 2026
22 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:32, 21 шілде 2026
Қазақстан құрамасы Халықаралық математикалық олимпиадада алты медаль жеңіп алды





