Сингапурда туристер құны 72 миллион теңгелік гауһар тасты ұрлап кеткен
© Сурет: pixabay
Сингапурда үндістандық екі турист зергерлік дүкеннен бағалы гауһар тасты ұрлады деген айыпқа ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Straits Times басылымының сот материалдарына сілтеме жасап жазуынша, ер адамдардың бірі алдын ала жалған гауһар тасты аузына жасырып келген. Оның мақсаты – құны шамамен 200 мың сингапур доллары (72,8 миллион теңгеден астам) тұратын нағыз гауһар тасты байқатпай жалған таспен алмастыру болған.
Тергеу мәліметінше, олар бұл қылмысты алдын ала мұқият жоспарлаған. Тіпті Үндістанда жүргенде-ақ сыртқы түрі, сипаттамасы және тіпті сериялық нөмірі де түпнұсқамен бірдей болатын көшірме гауһар тасқа тапсырыс берген.
Қылмыс болған күні екеуі Сингапурдың Қытай кварталындағы зергерлік дүкенге келген. Сол жерде олардың бірі дүкен менеджерінен басқа әшекейлерді көрсетуді сұрап, оның назарын басқа жаққа аударған. Осы сәтті пайдаланған екінші адам аузындағы жалған гауһар тасты шығарып, орнына салған да, салмағы 4,95 карат болатын нағыз гауһар тасты алып, оны аузына жасырып қойған.
Осыдан кейін екеуі де "сатып алу туралы әлі ойланып көреміз" деп айтып, дүкеннен шығып кеткен.
Көп ұзамай зергерлік дүкен қызметкерлері тастың ауыстырылғанын анықтаған. Мұны бейнебақылау камераларындағы жазбалар мен арнайы құрылғы арқылы тасты тексеру кезінде білген.
Осыдан кейін күдіктілер қонақүйден шұғыл түрде шығып, Үндістанға қайтатын әуе билеттерін сатып алған.
Алайда олар Сингапурдан кетіп үлгермеді. Сол күні кешке екеуі де ұшаққа мінер алдында Чанги халықаралық әуежайында ұсталды. Нағыз гауһар тас күдіктілердің бірінің рюкзагынан табылды.
Сот шешімімен айыпталушылардың бірі екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал екінші күдіктінің ісі әлі де сотта қаралып жатыр.
Бұған дейін мейірбике кейпіне еніп, жаңа туған сәбиді ұрлап кетпек болған күдікті ұсталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:45, 20 қыркүйек 2026
КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды
-
11:44, 20 қыркүйек 2026
АҚШ өз азаматтарына Таяу Шығыстағы шиеленіс кенеттен ушығып кетуі мүмкін екенін ескертті
-
14:27, 18 қыркүйек 2026
Пиццерия қызметкері келушілердің тағамына әдейі қайызғақ түсірген
-
12:24, 18 қыркүйек 2026
Вьетнамның танымал туристік қаласында үш жер сілкінісі болды
-
10:42, 18 қыркүйек 2026
Қолтырауындар мекендейтін өзенде олимпиада жарыстары өтеді





