Ұшаққа тексерусіз кімдер өте алады: тізімге өзгерістер енгізілді
© Фото: akorda.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 шілдедегі қаулысымен әуе көлігімен тасымалданатын және тексеруден босатылатын Қазақстан Республикасы лауазымды тұлғаларының арнайы тізіміне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, тізім мынадай жаңа лауазыммен толықтырылды:
- Қазақстан Республикасының вице-президенті.
Сондай-ақ мына лауазымдар жаңа редакцияда берілді:
- Қазақстан Республикасы Құрылтайының төрағасы;
- Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы.
Ал Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы тізімнен алынып тасталды.
Сонымен қатар Қазақстан әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін тұлғалар тізіміне де өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, тізімге:
- вице-президент лауазымы енгізілді.
Жаңа редакцияда мына лауазымдар көрсетілді:
- Құрылтай төрағасы;
- Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы.
- Ал Мәжіліс төрағасы бұл тізімнен де шығарылды.
Бұдан бөлек, келесі лауазымдар жаңа редакцияда жазылды:
- Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері;
- Құрылтай комитеттерінің төрағалары;
- Құрылтай депутаттары;
- Құрылтай аппараты мен Конституциялық Сот аппаратының басшылары;
Президент, вице-президент, Премьер-министр, Құрылтай төрағасы, Премьер-министрдің орынбасарлары, Құрылтай төрағасының орынбасарлары, Сыртқы істер министрі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасы делегацияларының мүшелері.
Қаулы 2026 жылғы 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:07, 21 шілде 2026
Қазақстан таеквондошылары Оңтүстік Кореядағы халықаралық турнирде жеті алтын медаль жеңіп алды
-
17:37, 21 шілде 2026
Білім беру гранттары конкурсына қанша талапкер өтініш тапсырды
-
17:21, 21 шілде 2026
Астана тұрғыны әскердегі зорлық туралы жалған ақпарат таратқаны үшін сотталды
-
17:15, 21 шілде 2026
Лос-Анджелес-2028 Олимпиадасы: ойындарға билетті қалай сатып алуға болады
-
17:11, 21 шілде 2026
Қазақстанда аптап ыстық бәсеңдеп, ауа температурасы +38°С-қа дейін төмендейді





