«Құдды торнадодай»: Павлодар облысындағы ауылдың бір бөлігін дауыл ойрандады
© Видео скрині
Павлодар облысындағы Қонырөзек ауылына жаңбырмен қатар жойқын дауыл соқты. Жергілікті тұрғындар құйынға теңеген қатты жел үйлердің шатырын ұшырып, қоршауларды құлатып, елді мекенді жарықсыз қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 21 шілдеде Павлодар-онлайн басылымының куәгерлерге сілтеме жасап хабарлауынша, дауылды жел ғимараттардың шатырларын жұлып, ағаштарды құлатып, байланыс желілерін үзген.
Кейбір тұрғындардың қоршауы мен қақпасы қираса, жеңіл құрылыстар ауаға ұшып кеткен.
"Бір тұрғынның қаңқалы бассейнін жел ұшырып әкетті. Тағы бір әйел табиғаттың тосын мінезі кезінде есікті жаппақ болғанда жеңіл жарақат алды", – делінген хабарламада.
Бірнеше тұрғын үйге айтарлықтай зақым келген. Қазіргі уақытта ауыл электр жарығынсыз отыр.
Бұл ақпаратты Қонырөзек ауылдық округінің әкімдігі растады. Жергілікті биліктің мәліметінше, дауыл бүкіл ауылды емес, тек тар жолақпен өткендіктен, елді мекеннің бір бөлігіне ғана зиян келтірген.
"Жел тар жолақпен өтті, сондықтан бүкіл ауыл емес, тек бір бөлігін ғана қамтыды. Қазір келтірілген шығын көлемі бағаланып жатыр. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері мен аудан басшылығы жұмыс істеуде. Электр жарығын мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіруге күш салып жатырмыз", – деді ауылдық округ әкімі Айтолқын Қайырова.
Оның айтуынша, тұрғындар арасында ауыр зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ ауылдық округ әкімінің мәліметінше, тұрғын үйлерден бөлек бір әлеуметтік нысан да зардап шеккен. Атап айтқанда, жергілікті мәдениет үйінің шатыры шамамен 30 пайызға бүлінген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:12, 9 тамыз 2026
«Қазгидромет» Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады
-
17:17, 8 тамыз 2026
Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлерден өтініштер қабылдау 10 тамыздан басталады
-
17:07, 8 тамыз 2026
Бельгия королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады
-
16:20, 8 тамыз 2026
Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады - синоптиктер
-
16:11, 8 тамыз 2026
Садақ атудан 2026 жылғы Азия ойындары: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды





