Полиция электрлі самокатты қауіпсіз пайдалану қағидаларын еске салды
© Фото: Zakon.kz
Алматы қаласының полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын электрлі самокаттарды пайдалану кезінде жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға және жол қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаевтың айтуынша, соңғы уақытта бір электрлі самокатқа екі немесе одан да көп адамның қатар мінуі, сондай-ақ онымен көлемді жүк тасымалдау жағдайлары жиілеп кеткен.
"Электрлі самокаттың құрылымы бір ғана адамды тасымалдауға арналған. Оған қосымша жолаушы мінгізу немесе көлемді жүк тиеу көлік құралының тепе-теңдігін бұзып, оны басқаруды қиындатады әрі құлау мен жол-көлік оқиғасына ұшырау қаупін бірнеше есе арттырады. Барша пайдаланушыны қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарап, Жол қозғалысы қағидаларын мүлтіксіз сақтауға шақырамыз. Бұл – тек самокат жүргізушісінің ғана емес, айналасындағы басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатысты мәселе", – деді Әбдінұр Тасыбаев.
Полиция жол қозғалысы қағидаларын бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:02, 22 шілде 2026
Алматы мен Алматы облысында электр энергиясының тарифін 20 тамыздан бастап көтеру жоспарланып отыр
-
11:53, 22 шілде 2026
«Құсбегілік» ұлттық аңшылық құрамасының мүшесінен Қызыл кітапқа енген 35 құс тәркіленді
-
11:44, 22 шілде 2026
Шымкентте дәрігерлер өмір мен өлім арасындағы науқасты құтқарып қалды
-
11:31, 22 шілде 2026
22 шілдедегі Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы валюта айырбастау бағамдары
-
11:22, 22 шілде 2026
35 жастағы сұлулық байқауының финалисі жұмбақ жағдайда көз жұмды





