Қазақстанда жылына 500 жүк көлігі шығарылады

11:45, 21 шілде 2026
MKZ: 1557185

© Фото: freepik

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026 жылғы 21 шілдеде өткен Үкімет отырысында жүк көліктерін өндіру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстанда жүк көлігі өндірісі саласында әлемге танымал Scania және HOWO брендтерінің жүк көліктері құрастырылып жатыр.

"Сонымен қатар саланы одан әрі дамытуға бағытталған жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың төртінші тоқсанынан бастап Hyundai Trans Auto кәсіпорнында жылына 500 VOLVO жүк көлігін шығару жоспарланып отыр", – деді Ерсайын Нағаспаев.

Сондай-ақ оның сөзінше, Barys Truck Manufactory компаниясы XCMG компаниясымен бірлесіп электрлі жүк көліктерін шығару жобасын іске асырып жатыр.

Бұған дейін Ерсайын Нағаспаев Қазақстанда автокомпоненттер өндірісін дамыту жөніндегі жаңа жобалар туралы айтқан болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!