Үкімет Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін арттыруды көздеп отыр
© Фото: primeminister.kz
2026 жылғы 17 қарашада Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев отандық өндірісті дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9,3%-ға өсіп, салада оң динамика байқалған.
"Саланы дамытуға жалпы инвестиция көлемі 1,7 трлн теңгеден асатын 200 жаңа жобаның іске қосылуы қосымша серпін береді. Олардың нәтижесінде 17 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Оның ішінде 5,5 мыңы ауылдық жерлерде құрылады. Кәсіпорындар толық қуатында жұмыс істеген кезде жыл сайынғы өндіріс көлемі шамамен 1,5 трлн теңгені құрайды. Оның 500 млрд теңгесі экспортқа шығарылатын өнім болады. Жыл басынан бері инвестиция көлемі 900 млрд теңгені құрайтын 125 жоба іске қосылды. Қалған жобалар аяқталу сатысында және іске қосылуға дайындалып жатыр", – деді министр.
Оның сөзінше, бұл жобалар Қазақстанда бұрын өндірілмеген өнім түрлерін игеруге мүмкіндік береді. Олардың қатарында теміржол бандаждары, тісті доңғалақтар, престеу жабдықтары, ламинат, тамшылатып суару жүйелері және кофе машиналарына арналған алюминий капсулалар бар.
"Шикізатты ел ішінде терең өңдеуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазір Қазақстанда өндірілетін 3,4 млн тонна мыс концентратының шамамен 59%-ы өңделеді. Шикізаттың осы көлемін толық игеру үшін екі негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Біріншісі – заңнаманы жетілдіру. Мыс концентратын ел ішінде өңдеуді ынталандыру мақсатында тарифтерді мемлекеттік реттеуді енгізу жөнінде түзетулер әзірленді. Екіншісі – жаңа өндірістік қуаттарды дамыту. Осы мақсатта Балқаш пен Ақтоғайда екі мыс балқыту зауытын салу жоспарланып отыр. Әр кәсіпорынның қуаттылығы 300 мың тоннаны құрайды", – деп толықтырды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшысы.
Сонымен қатар мыс концентратын өндіру көлемін арттыру үшін Көксай және Айдарлы жобалары жүзеге асырылады.
Олар қосымша 1,7 млн тонна мыс концентратын өндіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде 2030 жылға қарай мыс концентратын өндіру көлемін 1,5 есе, яғни 3,4 млн тоннадан 5,1 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Ал мыс өндіру көлемі екі есе – 471 мың тоннадан 1,1 млн тоннаға дейін ұлғаймақ. Бұл өз кезегінде мыстан дайын өнім шығару көлемін екі еседен астам арттырып, 40 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, 2026 жылғы 16 қарашада Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы елорда өнеркәсібінің дамуы, жұмыс істеп тұрған өндіріс орындары мен бизнеске ашылатын мүмкіндіктер туралы мәлімет берген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:56, 17 қараша 2026
Астанада жұмысшыларға шалшық су шашып кеткен жүргізуші 10 тәулікке қамалды
-
16:51, 17 қараша 2026
Алдағы күндері Алматыда ауа температурасы +15°С-қа дейін көтеріледі
-
16:43, 17 қараша 2026
«Balapan»-ның күзгі базарлығы
-
16:41, 17 қараша 2026
Шымкентте «Shymkent AI Forum – 2026» өңірлік форумы өтіп жатыр⠀
-
16:37, 17 қараша 2026
Қазақстандықтарға WhatsApp пен Telegram-дағы алаяқтық туралы ескертілді





