Асылжан Арыстанбекова мен Жанторе Санжарұлы халықаралық турнирлерде чемпион атанды
© Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Жанторе Санжарұлы Түркияның Анталья және Өзбекстанның Әндіжан қалаларында өткен халықаралық турнирлердің жұптық сынында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Асылжан Арыстанбекова 9–15 қараша аралығында Антальяда (Түркия) өткен Халықаралық теннис федерациясының (World Tennis) W15 санатындағы турнирінде чемпиондық атаққа ие болды.
Қазақстандық теннисші жұптық сында украиналық Дарья Есипчукпен бірге өнер көрсетті. Финалдық кездесуде бірінші нөмірмен тіркелген қазақстандық-украиналық жұп Румыния өкілдері Стефания Божица мен Анастасия Сафтаға қарсы ойнады.
Шешуші кездесу Арыстанбекова мен Есипчуктің екі сеттегі жеңісімен аяқталды — 6:4, 6:3.
Қазақстан қоржынына тағы бір чемпиондық атақты 16 жастағы Жанторе Санжарұлы салды. Ол өз мансабында алғаш рет ITF жасөспірімдер сериясының J30 санатындағы турнирінде жеңімпаз атанды.
Жарыс 9–14 қараша аралығында Өзбекстанның Әндіжан қаласында хард төсенішіндегі корттарда өтті. Қазақстандық теннисші жұптық сында жергілікті спортшы Никита Гафуровпен бірге өнер көрсетті.
Финалда екінші нөмірмен тіркелген Санжарұлы мен Гафуров жарыстың бірінші нөмірлі жұбы — өзбекстандық Сайдумар Саидакбаров пен Ахмаджон Тошмухамедовке қарсы кездесті.
Қазақстандық-өзбекстандық жұп екі сетте 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Жанторе Санжарұлы үшін бұл World Tennis жасөспірімдер деңгейіндегі алғашқы чемпиондық атақ болды.
Осылайша, қазақстандық теннисшілер өткен жарыс аптасын халықаралық турнирлердің жұптық сынында екі чемпиондық атақпен аяқтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:44, 17 қараша 2026
«Ордабасы» футболшысы ҚПЛ-дің ең қымбат ойыншысы атанды
-
00:29, 17 қараша 2026
Таеквондодан Астанадағы Гран-при финалына қатысатын қазақстандықтар анықталды
-
22:40, 16 қараша 2026
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы соңғы матчта Словакияны жеңе алмады
-
21:20, 16 қараша 2026
Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден әлем кубогының алғашқы кезеңін бір медальмен аяқтады
-
18:06, 16 қараша 2026
Almaty Open алғаш рет ATP 250 санатындағы жылдың үздік турнирі атанды






