Үкімет арнайы қордан СҚО-дағы аурухананы жөндеуге 1,3 млрд теңге бөлді

11:51, 7 қаңтар 2026

© Сурет: Zakon.kz

СҚО-да аурухананы жөндеуге қайтарылған активтер қаражатынан 1,3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша көпсалалы ауданаралық ауруханасын күрделі жөндеуді аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,3 млрд теңге бөлінді, делінген Үкімет баспасөз қызметінің 7 қаңтардағы хабарламасында.

"Қазіргі уақытта техникалық базаны және инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Оның аясында зерттеулерді тікелей аудан орталығында жүргізу үшін МРТ аппаратына және заманауи клиникалық-диагностикалық зертханаға арналған мамандандырылған үй-жайлар ашу қарастырылып отыр. Сонымен қатар, халықаралық триаж жүйесі бойынша қабылдау бөлмесін ұйымдастырылмақ. Жобаға сәйкес онда персоналдың жедел мониторинг жүргізу үшін кедергісіз кіру мүмкіндігі бар реанимациялық төсектер орналастырылатын болады. Бұл медициналық араласудың жеделдігін және медициналық қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді", делінген хабарламада.

Жалпы алғанда, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде медициналық мекеме шұғыл және жоспарлы көмек көрсетудің заманауи стандарттарына сәйкес келтірілмек.

Сурет: primeminister.kz

ҚР Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, Арнаулы мемлекеттік қордан 400-ден астам әлеуметтік және коммуналдық нысандарға, оның ішінде 183 медициналық мекемеге қатысты жобаларды жүзеге асыруға 482 млрд теңге бөлінген. Бірқатар жобалар "Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту" бағдарламасы аясында қамтылған. Мәселен, алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын, көпсалалы ауруханаларды, мамандандырылған медициналық орталықтарды, шұғыл медициналық көмек инфрақұрылымдарын салу және жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Бұған дейін Үкімет басшысы Олжас Бектенов жекеменшік білім беру және медициналық мекемелерді қаржыландыру тетіктерін қайта қарауды тапсырған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!