Алматы зообағы пайдаланылған жаңажылдық тірі шыршаларды қабылдап жатыр
© Сурет: pixabay
Алматы хайуанаттар бағы пайдаланылған табиғи жаңажылдық шыршаларды қабылдауға арналған экологиялық акцияны бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа жыл мерекелері аяқталғаннан кейін қала тұрғындары тірі шыршаларды қоқысқа тастамай, оларды Алматы хайуанаттар бағына тапсыра алады. Қабылданған ағаштар жануарлар қоршауына қойылып, олардың тіршілік ортасын байыту мақсатында пайдаланылады.
"Шыршалар бұғы, елік, қодас, қабан және басқа да жануарлардың қоршауында қолданылады. Жануарлар жаңа заттарға ерекше қызығушылық танытып, шыршаларды иіскеп, дәмін татып, тартып, секіріп, бұтағына сүйкеніп, қабығымен ойнайды. Бұл олардың қимыл-қозғалысын арттырып, күйзелісті азайтып, күнделікті тіршілігін әрлендіре түседі. Аталған акция экологиялық шара ғана емес, бұл адамдарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға, саналы тұтынуға шақыратын тағылымды бастама", - делінген хабарламада.
Шыршаларды қабылдау орны:
Алматы хайуанаттар бағының қызметтік кіреберісі, Алматы қаласы, Орманов көшесі, 64
Қабылдау мерзімі: 8-18 қаңтар
Тек табиғи, тірі шыршалар қабылданады.
Байланыс телефоны: 8 (701) 676-85-85
Алматы зоологиялық паркі қала тұрғындары мен қонақтарын акцияға қатысуға, жануарлар мен қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуға шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:44, 9 қаңтар 2026
Итальяда мейрамхананың желіге жүктеген бейнесі ер адамның опасыздығын әшкереледі
-
16:29, 9 қаңтар 2026
Алматы мен Шымкент +15°С-қа дейін жылынады, Астанада аяз: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
-
16:29, 9 қаңтар 2026
Алматы мен Шымкентте +15°С-қа дейін жылынады, Астанада аяз: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
-
16:10, 9 қаңтар 2026
9 қаңтардағы саудада доллар бағамы сәл ғана өсті
-
15:53, 9 қаңтар 2026
Тоқаев Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне қол қойды





