Уимблдондағы сенсация: Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп кетті

09:05, 7 шілде 2024

© Сурет: instagram.com/wta

Лондонда өтіп жатқан "Үлкен дулыға" турнирлерінің бірі - "Уимблдон" додасында қазақстандық Юлия Путинцева сенсациялық жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің 35-ракеткасы Юлия үшінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекті жеңіп кетті.

Кездесу үш сетке созылып, Путинцева 3:6, 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл - қазақстандық теннисшінің мансабындағы ең ірі жеңістердің бірі.

1/8 айналымда Юлия Путинцева латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!