Тоқаев Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады

21:05, 1 шілде 2024

© Сурет: Zakon.kz

2024 жылы 1 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуші Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Мемлекет басшысы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Былтыр жыл соңында Президент отандық бизнес өкілдерімен жаңа Салық кодексін талқылаған болатын. Ал жуырда, 21 маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі "Ашық НҚА" порталында жаңа Салық кодексінің жобасы орналастырылғанын хабарлады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!