Францияда парламенттік сайлауда әсіре оңшылдар басым түсті

16:45, 1 шілде 2024

© Сурет: pixabay

Францияда өткен парламенттік сайлаудың бірінші турында әсіре оңшылдар, яғни, нәсілшілдер мен әсіре ұлтшылдар басым түсті.

Алдын-ала мәліметке қарағанда, Марин Ле Пен мен Жордан Барделланың "Ұлттық бірлестігі" 34 пайызбен алда келеді.

Ал президент Эммануэль Макронның центристік партиясы 20 пайызбен үшінші орыннан көрінді.

Екінші тур келесі жексенбіде өтеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Онда тағы да ұтатын болса, оңшылдар парламентте көпшілікке айналып, Еуропа одағының жетекші елдерінің бірі - Франция үкіметі ұлтшыл популистердің қолына өтуі мүмкін.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!