Уақытты қайтару туралы өтініш: алдын ала шешім жарияланды
© Сурет: Zakon.kz
Жұмыс тобының төрағасы, Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев 2 тамызда Қазақстанда ескі уақыт белдеуіне оралу туралы петицияны қоғамдық талқылау барысында алдын ала шешім шығарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Спикердің айтуынша, өтінішті қарау кезінде сағат белдеуінің өзгеруі электр энергиясын тұтыну мен халықтың денсаулығына әсер етті деген уәждер расталмады.
"Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық мәліметтерге сүйенетінін айтып, статистика 12 облыс пен республикалық маңызы бар үш қалада сағат тілі ауысуы халықтың әл-ауқатына әсер еткенін растаған жоқ", — деді Қайрат Балықбаев.
Оның айтуынша, уақыт белдеуін ауыстыру кезінде халықаралық зерттеулерге талдау жасалған.
"Біз қараған барлық кезеңде арызданушылардың уәждері расталмады, сондықтан мен министрліктің алдын ала шешімін айтып отырмын, бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы", — деп түйіндеді вице-министр.
Қазақстан тұрғындары 2024 жылдың 1 наурызынан бастап UTC+5 біртұтас уақыт белдеуінде тұра бастады.
Сәуірдің 22-сі күні уақытты өзгертуді алып тастауды талап етіп петиция берілді.
7 маусымда ол қарау үшін қажетті дауыс санын алды – 50 мың. Кейінірек, 21 маусымда уақыт белдеуіне қатысты петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:55, 8 маусым 2026
Сәтті жасалған трансплантация: анасы қызына бір бүйрегін берді
-
18:47, 8 маусым 2026
Зейнетақы мұрагерлері енді марқұмның зейнетақы жинағын түгелдей шешіп ала алады
-
18:35, 8 маусым 2026
Көкшетауда күйген шаштың мәселесі сотқа дейін жетті
-
18:22, 8 маусым 2026
Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
-
17:56, 8 маусым 2026
«Аптап ыстық, шаңды дауыл, бұршақ». Еліміз бойынша 9 маусымға арналған ауа райы болжамы





