ТЖМ су тасқынын модельдеу жүйесін тез арада аяқтауға уәде берді

13:43, 12 қараша 2024

© Фото: primeminister.kz

ҚР ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов Үкіметте 2024 жылғы 12 қарашада өткен баспасөз мәслихатында су тасқынын модельдеу жүйесі қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ басшысы су тасқынын модельдеу жүйесі жер бедерін цифрландыруды талап ететінін атап өтті.

"Модельдеуді жасауға болады, бірақ қазірге жағдайды есепке алсақ, ол дәл шығады деп сенімді түрде айта алмаймын. Бүгінгі таңда біз жер бедерін толық цифрландырған жоқпыз, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Дәл қазіргі уақытта, аталман мерзімге дейін жұмысты аяқтап бере алатындығымызды айта аламын. Нәтижелер болады деп үміттенемін",- деді Әрінов.

Осы жүйеге қанша бюджет қаражаты жұмсалды деген сұраққа министр ведомство қаражатынан бір тиын да жұмсалмағанын айтты.

Бұған дейін ел тұрғындарының 300 мыңнан астам жарамсыз газ баллондарын пайдаланатындығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!