Мәжіліс ақпарат, қоғамдық даму және мәдениет саласындағы заң жобасын мақұлдады

© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Парламенті Мәжілісінің депутаттары 2024 жылғы 13 қарашада бірінші оқылымда ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және мұрағат ісі салаларындағы нормаларды шамадан тыс заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері жөніндегі заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Заң жобасында:
- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзыретін шамадан тыс заңнамалық регламенттеуді болдырмайтын нормаларды енгізу.
"Негізгі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін, сондай-ақ мемлекеттік орган қызметінің ішкі рәсімдерімен, оның заңның негізгі ережелерін нақтылауға және іске асыруға бағытталған басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылымен байланысты функцияларды жеделдік мақсатында алып тастау және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде айқындау ұсынылды", — делінген заң жобасы бойынша қорытындыда.
- Министрліктің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу жөніндегі құзыретін, сондай-ақ мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу қызметін регламенттеу жөніндегі нормаларды алып тастау ("Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы);
- археологиялық олжаларды мемлекеттік мұражайларға беру тәртібін бекіту жөніндегі министрліктің құзыретін айқындау жөніндегі норманы енгізу ("Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы).
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында заң жобасына "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесінің қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің түзетулері енгізілді.
Бұған дейін Қазақстанда онлайн-кредит алу кезіндегі алаяқтықпен күресудің жаңа тәсілдері әзірленгені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:09, 17 мамыр 2025
Қылышпен семсерлесуден Мадридтегі Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
-
10:38, 17 мамыр 2025
Қазақстан Президенті 72 жасқа толды
-
10:19, 17 мамыр 2025
СҚО-да мектеп оқушысы туберкулез жұқтырды: онымен байланыста болған мыңнан астам адам есепке алынды
-
09:40, 17 мамыр 2025
Көркем гимнастикадан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғап жатыр
-
09:11, 17 мамыр 2025
Атырау облысында ер адам бес жыл бойы өгей қызын азғырып келген