Астана мен Қарағандыда полицейлер есірткінің ірі партияларын тәркіледі
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астаналық 35 жастағы ер адам мен қарағандылық 53 жастағы тұрғын есірткі жасырушысы ретінде күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ІІМ ақпаратына сүйенсек, Астанада полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерде 35 жастағы есірткі жасырушыны ұстады.
"Жеке тінту барысында күдіктіден 350 орам және синтетикалық есірткі салынған екі үлкен полиэтилен пакет тәркіленді. Сондай-ақ пәтерді тінту кезінде жасыруға дайындалған 1,5 мыңнан астам орам, салмағы бір жарым килограмм болатын 4 үлкен орам, 5 мыңнан астам zip-пакеттер, таразы мен есірткіні өлшеп орауға арналған құрылғылар тәркіленді. Ұсталған адамнан барлығы 6 кг-нан астам есірткі тәркіленді. Оның ішінде 4 кг-дан астам мефедрон, 2 кг үнді марихуанасы және 8 грамм кокаин, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Сондай-ақ, қарағандылық 53 жастағы тұрғын өз пәтерінің балконында 10 кг-нан астам гашиш сақтаған.
"Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде заңсыз айналымға есірткі заттарының 35 мыңнан астам дозасы жіберілмеді",- делінген ақпаратта.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Бұл қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған",- деп мәлімдеді ведомство.
Бүған дейін СҚО өрт сөндірушілерінің жеке тұрғын үйдегі өртті ауыздықтағаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:58, 26 желтоқсан 2024
Маңғыстаулықтар Әзірбайжан азаматтарын еліне шығарып салды
-
20:25, 26 желтоқсан 2024
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қандай көмек көрсетіледі
-
20:25, 26 желтоқсан 2024
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына қандай көмек көрсетіледі
-
20:14, 26 желтоқсан 2024
Embraer-190 ұшағының «қара жәшігі» Ақтауға сарапшылар келгеннен кейін бір-ақ ашылады
-
19:52, 26 желтоқсан 2024
Ұшақ апаты: Зардап шеккен 29 адамның алтауы Қазақстанда емделуде