Бұрынғы спорт министрі футбол федерациясының президенттігіне кандидатурасы туралы түсініктеме берді
© Сурет: Instagram/ermek_marzhyqpaev
Премьер-Министрдің кеңесшісі Ермек Маржықпаев өзінің Қазақстан футбол федерациясының басшысы лауазымына ықтимал кандидатурасы туралы алып-қашпа әңгімеге пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ол 13 қарашада Instagram-да айтты.
"Құрметті достар! Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына менің кандидатурамды ұсыну бойынша ақпаратқа түсініктеме беріп өтейін. Менің бұл қызметті атқаруға еш жоспарым жоқ. Сіздер сияқты мен де футбол жанашырмын. Сондықтан да бұл #1 спортта біздің ұлы жеңістеріміз әлі алда екеніне сенімдімін",- деп жазды ол.
Бұған дейін қазақстандық конькишілердің Жапонияда өтетін төрт құрлық чемпионатында бақ сынайтындығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:18, 3 желтоқсан 2024
Бокстан Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан нокаутпен ширек финалға шықты
-
17:14, 3 желтоқсан 2024
Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Азия чемпионатында Қытайды жеңді
-
20:46, 2 желтоқсан 2024
Қазақстан спортшысы конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді
-
18:21, 2 желтоқсан 2024
ҚФФ президенттігінен үміткер алғашқы алты кандидаттың аты-жөні жария болды
-
11:11, 2 желтоқсан 2024
Әбиба Әбужақынова: Олимпиада медалінсіз тұрмысқа шықпаймын