ТЖМ құтқарушылардың Жаңа жыл түні қалай жұмыс істегенін көрсетті
© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Жаңа жыл түні еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етіп жатқан құтқарушылар келіп түскен 158 шақырту бойынша оқиға орнына аттанып, түрлі көмек түрлерін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі 158 шақыртудың 88-і - өрт, сондай-ақ 70-і іздестіру операциялары мен авариялық-құтқару жұмыстары болғанын нақтылайды.
2024 жылдың соңғы тәулігінде министрлік қызметкерлері 25 адамды, оның ішінде сегіз баланы эвакуациялады.
Құтқарушылар қазақстандықтарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды елеусіз қалдырмауға, сондай-ақ алыс сапарларға шықпауға шақырады.
Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындар метеожағдайлар нашарлаған жағдайда алысқа жаяу қатынаудан бас тартуы қажет, деп атап өтті ведомстводан.
Бұған дейін Қостанай облысында Жаңа жыл түні қар құрсауында қалып кеткен көлік жүргізушісіне көмек көрсетілгені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:38, 4 қаңтар 2025
Гонконг робототаксиді іске қосуды жоспарлап отыр
-
12:29, 4 қаңтар 2025
Түркістан облысында полицейлер жүргізушілерге көмекке келді
-
12:16, 4 қаңтар 2025
Қазақстан сыбайлас жемқорлықты түпкілікті жеңе ала ма және мемлекет қандай шараларды қолға алуда
-
12:10, 4 қаңтар 2025
Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
-
11:55, 4 қаңтар 2025
Оңтүстік Кореяда президентті тұтқындау операциясы сәтсіз аяқталды