Қазақстандық офицер өз өмірін қатерге тігіп, мас жүргізушіге тосқауыл болды

13:48, 3 қаңтар 2025

© Сурет: видео скрині

2 қаңтарда полицейлер көшелерді патрульдеу кезінде Toyota Highlander жүргізушісін бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өткені үшін тоқтатты. Жүргізушінің әрекетінде инспекторлар масаңдықтың белгісін байқаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейдің құжат көрсету туралы заңды талабын орындамай, құқық бұзушы оқиға орнынан жасырынбақшы болды.

"Қауіпті жүргізушіні тоқтату және жол қозғалысының өзге қатысушыларының қатысуымен орын алуы мүмкін қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін инспектор автокөліктің алдына шығып, жолына тосқауыл болды. Бірақ рөлдегі ер адам полицейге қарай қозғалысын жалғастырып, оны капотында бірнеше метрге дейін алып жүріп, оқиға орнынан бой тасалады", - деп хабарлады полиция.

Күдікті анықталып, ұсталды. Медициналық куәландыру нәтижесіне сәйкес ол есірткілік масаң күйде болған.

Жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу шаралары басталды. Ұсталған азамат қамауда.

"Билік өкіліне қатысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданғаны үшін ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!