Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен 500-ден астам адам қаза тапты

© Сурет: Anadolu Agency
6 ақпан күні таңертең Түркия мен Сирияда күшті жер сілкінісі болды. Салдарынан қаза тапқандар саны 500 адамнан асты: оның ішінде 230-дан астам сириялық және кем дегенде 280 түрік азаматы бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сирия денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Алеппо, Латакия, Хама және Тартус провинцияларында 237 адам қаза тауып, 639-ы жараланды, деп жазды РИА Новости басылымы.
Түркия вице-президенті Фуат Октай 284 адам қаза тауып, тағы 2383 адам жарақат алғанын айтты.
Оның айтуынша, қаза тапқандардың көбі Кахраманмараш тұрғындары – 70 адам, онда 300-ге жуық ғимарат қираған. Жараланғандардың көбі Шанлыурфа провинциясында – 600-ге жуық адам.
6 ақпан күні таңертең Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7,4 болатын жер сілкінісі болды. Түрлі қалада жүздеген ғимарат қирап, Хатай провинциясында газ құбыры жарылды. Елде дабылдың ең жоғары деңгейі жарияланды.
Сирияда Алеппо тарихи орталығы қатты зардап шекті. Жерасты дүмпулері Ливан астанасы Бейрут пен Иракта да сезілді.
6 ақпан күні Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:57, 1 сәуір 2023
Павлодарда жол апатынан бір адам көз жұмды
-
15:39, 1 сәуір 2023
"Сау-тамтығы жоқ". Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды
-
15:39, 1 сәуір 2023
Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында ауыр жол апаты орын алып, бес адам қаза тапты
-
14:51, 1 сәуір 2023
Еуро-2024 іріктеу турнирі: Асхат Тағыбергеннің соққан голы үздік деп танылды
-
14:36, 1 сәуір 2023
Қамауға алынған жағдайда Трамптың қолына кісен салынбайтын болды