Түркістандық полицейлер дүкен сатушысынан тыйым салынған 90-нан астам вейп тәркіледі
© Сурет: Түркістан ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында тыйым салынған вейптерді заңсыз сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство ақпаратына сүйенсек, полиция қызметкерлері Сайрам ауданы көшелерінің бірінде орналасқан дүкенде 31 жастағы сатушы тыйым салынған вейптерді еркін сататынын анықтады.
Тәртіп сақшылары Сайрам ауданының тұрғынын ұстап, одан 92 дана вейп (бір реттік) тәркіледі.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 20 маусымында Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 301-1-бап (Шылым шекпейтін темекі өнімдерінің, электронды тұтыну жүйелерінің (вейптар), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымы) қосылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:02, 25 қыркүйек 2024
Ресейлік кеденшілер елге 17 тонна қазақстандық бұрышты өткізбеді
-
15:53, 25 қыркүйек 2024
Монеталар, көз тиюден сақтайтын түйреуіштер, магниттер: балалар тағы нені жұтады
-
15:40, 25 қыркүйек 2024
Олжас Бектенов Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысымен танысты
-
15:28, 25 қыркүйек 2024
Алматыда ТЖД-ның 100-ден астам қызметкері пешпен жылытылатын үйлерді аралайды
-
15:15, 25 қыркүйек 2024
Өскеменде ер адам өзенге құлап кеткен