Түркістанда зорлық көрген 3 қызға қатысты шұғыл жиналыс өтті

16:18, 17 сәуір 2019

17 сәуірде Түркістан облысы Жетісай ауданындағы зорлық зомбылық көрген 3 апалы-сіңлілердің өгей анасына қатысты Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар орталығында шұғыл баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәслихатқа Түркістан облысы Полиция департаментінің, білім және денсаулық сақтау басқармаларының, сондай-ақ, балалар және жастар ісі жөніндегі басқарманың өкілдері және БАҚ қатысты.

Жедел өткізілген баспасөз мәслихатының негізгі себебі, 2019 жылы 11 сәуірде Жетісай АПБ-не тіркелген іс бойынша нақты мәліметтер беру. Онда 3 жасөспірімнің өгей анасынан көрген қорлық, қатыгездік әрекеттері туралы әлеуметтік желіге жарияланып, қоғамның қызу талқысына түсуіне байланысты БАҚ-на түсіндірме берілді.

Осыған сәйкес, аталған Жетісай АПБ-не ҚР ҚК-нің 140-бабымен СДТТБТ-не тіркеліп, қазіргі уақытта, бұл іс бойынша ТО ПД тікелей бақылауға алып, нақты шаралар қолдануда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!