Түркістанда 101 жастағы ардагер тұрады
© Сурет: ҚР ІІМ
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – тарихпен тілдесіп, жүректі рухтандыратын үлкен белес. Осы айтулы мереке қарсаңында Түркістан облысы Ордабасы ауданында тағылымды кездесу өтті.
Сұрапыл соғыс даласына 8-сыныптан аттанған Қалмен Мұратұлы 1924 жылы өмірге келген. Майданда неміс басқыншыларымен ұрысқа түскен ол, 1944 жылдың ақпан айында Витебск қаласының маңында болған қырғын соғыста сол қолынан жараланып, госпитальға жіберілген.
Содан елге ІІ топтағы мүгедек болып оралды. Кездесуге келген жас сақшыларға ардагер өзінің оқиғасын айтып, батасын берді. Жас ұрпаққа өнеге, келер ұрпаққа ұмытылмас тарих, сұрапыл соғыстағы ерлігі тарихта алтын әріппен жазылған ақсақал бүгінде 101 жаста.
Өмірлік жұбайы екеуі 6 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Олардан 32 немере, 85 шөбере сүйіп отыр.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында, полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов пен Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев және 8-сыныпта оқитын жас сақшылар ғасыр куәсі болған Ұлы отан соғысының ардагері Қалмен Мұратұлы атамыздың шаңырағында болып қайтты.
Түркістан облыстық ПД бастығы ғасыр жасаған майдангердің деніне саулық, отбасына амандық, құт береке тілеп, сый-сияпатын табыстады. Өзінің өнегелі әңгімелерін жас сақшыларға арнаған қария, генерал бастаған ұжымға алғысын білдірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:15, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
-
11:01, 20 желтоқсан 2025
Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды





