Түркістан облысының тұрғыны желідегі жазбасы үшін айыппұл төлейтін болды

17:37, 22 маусым 2024

© Сурет: pexels

Түркістан облысында тұратын әйел Fаcebook әлеуметтік желісіндегі жазбасы үшін қомақты сомада айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өз жазбасында ол аудандық орта мектептің директорын парақор деп айыптап, бұл қызметке оның лайық еместігін жазған, деп хабарлайды Otyrar.

Директор оны сотқа беріп, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне зиян келтіргенін мәлімдеді.

Сотта Fаcebook қолданушысы өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, оған 465 192 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

"Сот құқық бұзушының жүктілігін және шын жүректен өкінгенін, жәбірленушіден және соттан кешірім сұрағанын ескере отырып, әкімшілік айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты", деп хабарлайды Түлкібас аудандық соты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!