Прокурорлардың ықпалымен жетім балалар тұрғын үй кезегіне қойылды

15:48, 23 қазан 2024

© Фото: pexels

Жаңаөзен қаласының прокуратурасымен жүргізілген талдау барысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 жетім балалардың тұрғын үй кезегіне қойылмағаны анықталды.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 71-бабына сәйкес жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қоюға міндетті.

"Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде барлық балалар тұрғын үй кезегіне енгізілді." Маңғыстау облысының прокуратурасы

Заңдылықтың бұзылуына жол берген ТКШ бөлімінің бас маманы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!