Александр Бублик Швейцариядағы жарыстан шығып қалды

22:50, 22 қазан 2024

© Сурет: instagram/bublik

Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-ракеткасы Александр Бублик Базельдегі ATP 500 турниріндегі өнерін аяқтады. Ол бірінші айналымда Нидерланды өкілі, әлемнің 67-ракеткасы Ботик ван де Зандсхулппен ойнады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бублик бірінші сетті 6:3 есебімен жеңді. Екінші партияда ван де Зандсхулп жеңіске жетті (6:4). Қазақстандық теннисші шешуші сетте есеп 0:4 болған кезде кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Оның алдында қазақстандық теннисші жарақатына байланысты кортқа физиотерапевті шақырған еді.

Бубликтің ван де Зандсхулппен матчы 1 сағат 49 минутқа созылды. Александр 16 рет эйс жасап, 11 қос қателік жіберді, төрт брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!