Түркістан облысының полицейлері тон мен алтын бұйымдарды ұрлаған күдіктіні анықтады

15:19, 27 маусым 2024

© Сурет: Zakon.kz

Сарыағаш ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікке ілінген жас қызды анықтады.

Белгілі болғандай күдікті досының үйіне кіріп, жатын бөлмесінен тон мен алтын бұйымдарды жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі шамамен 3 миллион теңгені құрайды.

Ол ұрланған мүлікті ломбардқа тапсырып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Сондай-ақ полицейлер күдіктінің тағы бір ұрлыққа қатысы бар екенін анықтады.

Айғақты заттар заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!