Түркістан облысында полиция есірткіге қатысты 11 қылмыстың жолын кесті
© Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында полицейлер екі апта ішінде есірткіге байланысты 11 қылмыстың жолын кесті. Заңсыз айналымнан 705 келіден астам марихуана, 260 келіден астам көкнар және аңшы мылтығы тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі қылмысын жасаған күдіктілер ұсталды. Бүгінгі таңда аталған 11 қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
"Мәселен жедел уәкілдер "Қарасора" іс-шарасы барысында Созақ ауданында құрамында есірткі заты бар өсімдіктердің ірі плантациясын тапты. Күдікті ретінде Қызылорда облысының екі тұрғыны және Шымкент қаласының бір тұрғыны ұсталды. Олардан 900-ден астам қарасора және 260-қа жуық көкнәр түптері, тіркелмеген мылтық тәркіленді. Қазіргі таңда осы факт бойынша тергеу жүргізілуде. Полицейлер есірткінің заңсыз айналымына және құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіруге байланысты қылмыстардың жолын кесуге бағытталған мұндай шаралар әрі қарай жалғасатынын атап өтті", делінген хабарламада.
Бұған дейін БҚО-да қарасораны заңсыз өсіру фактісі анықталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:59, 15 желтоқсан 2025
Алматыда желілерді салу кезінде ереже бұзған мердігерлік компаниялар лицензиясынан айырылды
-
13:50, 15 желтоқсан 2025
Алматыдағы жаңа БРТ желісінде жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді
-
13:41, 15 желтоқсан 2025
Қытайлық миллиардер болашақ жұбайын әлеуметтік желілерден іздей бастады
-
13:34, 15 желтоқсан 2025
Қазақстандықтарға ақылы жолдарға қатысты жағымды жаңалық хабарланды
-
13:26, 15 желтоқсан 2025
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жариялады





