Түркістан облысында полицейлер жүргізушінің көлігінен есірткі тәркіледі

13:47, 25 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметтік міндеттерін атқару барысында, есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады.

Нақтырақ айтсақ, елдімекендердің бірінде полиция қызметкерлері 27 жастағы тұрғынның басқаруындағы Daewoo Matiz автокөлігін тоқтатты.

Жедел уәкілдер тексеру кезінде жүргізушінің салонынан есірткіге ұқсас затты тапты.

Тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен 10 грамға жуық марихуананы құрады.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!