Түрікменстанда бензинді тегін құюдан бас тартқан ЖҚС қызметкерін атып кеткен офицер сотталды
© Сурет: freepik
Мотоатқыштар дивизиясының офицері жанармай құю бекетінің қызметкеріне сигналдық тапаншадан оқ атқаны үшін 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот алдында үш әскери қызметкер жауап берді. Жаңа жыл қарсаңында олар жанармай құю бекетіне келіп, көлікке бензин құйып құйып болған соң үстінен ақысыз тағы құюды талап еткен, деп жазды Хроника Туркменистана. Дау-дамай кезінде көлік иесі Шпагин сигналдық тапаншасын алып, бекет қызметкеріне оқ атқан. Абырой болғанда, оқ айдалаға атылып, жанармай қызметкері аман қалды.
Іс сотқа өтіп, бір айдан кейін офицерлерге үкім шығарылды. Олар "Өлтіремін немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп қорқыту", "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану", "Қызметке немқұрайлы қарау" және "Әскери мүлікке абайсызда қарау" баптары бойынша сотталды. Атқан адам 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Түрікменстандағы барлық жанармай құю бекетінің қызметкерлеріне мұндай жағдай болса, полицияға хабарлау тапсырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді
-
19:53, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамы жағылды





