Тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифтері жыл сайын 20-30%-ға өседі
© Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 7 тамызда үкіметтің брифингінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев энергетика және коммуналдық секторды жаңғыртудың ұлттық жобасын іске асыру барысында ТҮКШ тарифтері көтерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тарифтердің өзгеруіне қатысты Тимур Қосымбаев ұлттық жоба аясында субсидиялау тетіктері қарастырылғанын атап өтті:
"Яғни, қарыз қаражаты тарифке енгізіледі – негізгі қарыз және сыйақы мөлшерлемесі. Алайда тарифке түсетін қысымды азайту үшін республикалық бюджеттен бөлінетін субсидиялар сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтейді. Атап айтқанда, сыйақының 10% тарифке енгізіледі, ал одан асатын бөлігі – мемлекет тарапынан субсидияланады. Осылайша біз тарифтердің күрт өсуін болдырмауға тырысамыз", – деді ол.
Негізгі мәліметтер:
2026 жылға жоспарланған тариф өсімі – 20–30% көлемінде.
Бұл көрсеткіш жыл сайын осы шамада көтерілуі мүмкін.
Мемлекеттік субсидиялар тұрғындарға түсетін қаржылық жүктемені азайтуға бағытталады.
"Біз ұлттық жоба аясында жүзеге асырылатын инвестицияларды басым тәртіппен енгіземіз. Инвестиция көздері ретінде тікелей несиелеу тетіктері белгіленген – бұл екінші деңгейлі банктер, "Бәйтерек" холдингі және Қазақстанның Даму Банкі (БРК). Сонымен қатар, халықаралық қаржы институттарымен және бюджеттен берілетін несиелер бойынша келіссөздер жүргізілуде", – деді Тимур Қосымбаев.
Бұған дейін Қазақстанда коммуналдық қызметтер тарифтерінің көтерілуіне кімдерге өтемақы төленетіні белгілі болған еді.
Әлеуметтік осал топтарға (көп балалы, аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, зейнеткерлер) арнайы қолдау шаралары қарастырылған. Олар үшін мемлекет тарифтің өсуін ішінара өтейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:50, 15 желтоқсан 2025
Алматыдағы жаңа БРТ желісінде жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді
-
13:41, 15 желтоқсан 2025
Қытайлық миллиардер болашақ жұбайын әлеуметтік желілерден іздей бастады
-
13:34, 15 желтоқсан 2025
Қазақстандықтарға ақылы жолдарға қатысты жағымды жаңалық хабарланды
-
13:26, 15 желтоқсан 2025
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жариялады
-
13:20, 15 желтоқсан 2025
Валерий Меладзенің Қырғызстандағы концерті өтпейтін болды





