Түнеп жүрміз. Қызылордалықтардың көмір кезегінде тұрғанына үш күн болды
Кейбір аймақтарда, жылдағы жыр - көмір тапшылығы басталып кетті. Қызылордада отын алуға келген ағайын, қазірдің өзінде көмір кезегінде үш күннен тұр, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.
50-ге тарта жүк көлігінің көмір күтіп тұрғанына 3 күннен асты. Кейбірі, 300 шақырым жердегі шалғай елді мекендерден келген. Өйткені, көгілдір отын жетпеген ауылдарда қысты күні көмірсіз - өмір жоқ.
Бақытжан ӨТЖАНОВ, ауыл тұрғыны:
- Камазда жатқанымызға қазір үш күн болды. Қазір келеді дейді, ол жетеді ме жетпейді ме тағы қалып кетеміз бе? Мына жерден артқа қарай шығып кете алмаймыз.
Бексұлтан ҚАЙЫРБЕКҰЛЫ, ауыл тұрғыны:
- Келіп тұрған көмірді компания алып кетіп жатыр, рельстің арғы бетіне төгіп. Компанияның басқа жерден алса да құдіреті жетеді ғой. Қарапайым халық құр босқа шығынданып, екі-үш күн осында қонып жатыр.
Қызылорда маңындағы 5 көмір қоймасы бүгінгі күнге дейін жүз тоннадан астам көмір сатыпты. Бұл әрине аймаққа жеткіліксіз. Жергілікті атқа мінерлердің айтуынша, көмір тапшылығы жақында жойылуы тиіс. Шұбаркөлден бірнеше вагон көмір келетін көрінеді.
Ерлан ЖАҢАБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Жүк тасымалы Қызылорда бөлімшесімен біз күнделікті көмірдің жеткізілуіне маниторинг жүргізіп отырмыз. Осы аптаның соңына дейін, яғни айдың соңына дейін 146 вагонАтқамінерлер айтқан 150-ге тарта вагон көмірдің алғашқы 10-ы Қызылордаға бүгін келді. Ол шамамен 600 тоннандай. Көп кешікпей қалған вагондар да келуі тиіс. Сөздеріне сенсек, Сыр өңірінде енді бұдан былай көмір тапшылығы болмауы керек.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:42, 13 мамыр 2026
Есту қабілеті бұзылған ер адам мектеп оқушыларын жүргізуші куәлігінсіз тасымалдаған
-
22:11, 13 мамыр 2026
Ақтаудың орталығында жер астынан ыстық су атқылады: видео
-
21:41, 13 мамыр 2026
Абай облысында 170 келіге жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді
-
21:11, 13 мамыр 2026
Жаңбыр, қар, үсік: 14 мамырда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:36, 13 мамыр 2026
Қазақстан ИСЕСКО Атқарушы кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды





