«Түнде дәлізде жаттық»: Маңғыстау облысында қызылша жұқтырғандар ауруханаға сыймай жатыр
© Сурет: primeminister.kz
Маңғыстау облысында қызылша жұқтырғандар саны мыңнан асты. Оның 90-ға жуығы – сәбилер, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қызылша жұқтарған науқастың көптігінен облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәлізіне дейін кереуеттер қойылыпты, деп мәлімдеді ktk телеарнасы. Науқастардың көбі қызылша, бронхиолит және пневмониямен түскен
"Түнде дәлізде 8 ана жаттық, салқын болды. Ингаляторды үйден алып келдік. Балаларымызды сыртқы киіммен ұйықтаттық. Уайыммен ұйықтадық. Екі палата босап, соған ауыстырды".Ғалия Қайратқызы
Аурухана басшылығы жұқпалы аурулардың күрт көбеюіне байланысты инфекциялық бөлімшедегі төсек саны алыпстан сексенге дейін көбейтілгенін айтқан. Бірақ түнгі мезгілде қызылшамен ауырғандардың көп келуіне байланысты бәріне орын жетпеген.
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибізада Дүйсенбаева эпидахуалдың өршуіне байланысты науқастар қаланың басқа шетіндегі модульді стационарға көшіріліп жатқанын мәлімдеді.
"Бір жасқа дейінгі балалардың 39-ы жатыр. Жалпы саны – 91. Сондықтан модульдік жаңа стационарға көшіргелі жатырмыз. Қазір "С" блокты дайындадық. Қабылдау бөлімі "С" блок арқылы өтеді және жанындағы блоктарды да дайындаймыз". Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибізада Дүйсенбаева
Қазақстанда 90 жүкті әйел қызылша жұқтырған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді
-
19:53, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамы жағылды





