Тоқалдан тудық па: «Ана капиталы» көптеген елдерде бар

12:49, 15 наурыз 2021

© Сурет: видеодан кадр

Қазақстандағы әрбір 6-шы бала кедейшілік шегінде өмір сүріп жатыр. Бұл шамамен 1 млн-ға жуық немесе елдегі бала біткеннің 15.6 пайызы. Халықаралық ЮНИСЕФ ұйымы осындай мәліметтер келтіріп отыр. Сондай-ақ жалпы кедей отбасылардың 80 пайызында жанұядағы адам саны бестен асады. Яғни осындай ахуал балаларға қамқорлықты арттыруға жеткілікті дәйек бола алады.

Есте болса, өткен аптада депутат Ерлан Смайылов осы жағдайды ескеріп, ана капиталы деген ұғымды енгізіп, өмірге келген әрбір нәрестеге 4.2 млн теңгеден ақша беру керек деп бастама көтерген тұғын. Бұған қазынада қаражат жеткілікті ме, ана капиталын енгізу мәселесі қаншалықты қажет я қажет емес? Сарапшылардың не білгені бар? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Аядай бөлме. Шамамен 10 шаршы метр болады-ау. Ата-ана қуықтай жерде 6 баласымен паналап жүр. Журналистің тілі ұзын болғанымен қолы қысқа. Қайран қалдық. Олар осында ұйықтайды, осында тамақ ішеді, осындай ойнайды. Қазақстандағы әрбір алтыншы бала жоқшылық деңгейінде өмір сүріп жатыр.

Нұрзияның Құдай көп көрмесін, 6 балапаны бар.

Нұрзия, көпбалалы ана:

Жолдасым сол бәріміз жатамыз бір жерде. Бала-шағамызбен осы жерге саламыз да қаз-қатар.

Қарны тоқ, көңілі көк емес, баспана жоқ, табысы көп емес, бөлек бөлме балаларға күнде елес.

Нұрзия, көпбалалы ана:

Өзімнің бөлмем болса екен дейді. Қыздар өздері айтады. Ұлдар да өздерінің бөлмелері болса екен дейді. Бәріміз бір жерде жатқаннан кейін ыңғайсызданады да олар бірін-бірін.

Индира да ит өмірден шаршады.

Индира Казнанова, көпбалалы ана:

Амал жоқ сол детдомға өткіздім. Сол кезде балаларым жылап, бізді қай жаққа тастап кетіп жатсың деп. Бүкіл балаларым жылап, 6-ауы алты жағымнан жылап.

Талай жыл бұрын болған оқиға әлі де тамағына өксік тығады. Жеті баласымен жер көкке сыймады.

Индира Казнанова, көпбалалы ана:

Бүкіл балаарымды алдым да жилфондқа бардым, әкімшіліккее бардым, жоқ жоқ дейді.0152 Неге туа бересің деді ғой маған. Сен мен үшін тудың ба деді маған Нұр Отанға кірген кезде. Мен одан нан сұрап барған жоқпын.

Төрт түлігі сай болса, жегені май болса, көңілі жай болса, көпбалалы ананың көшеде несі бар? Жетпегеннен.

Ғазиз Құлахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жаңадан босанған аналарға төленетін бір реттік төлемақыңыз, жөргекпұлдарыңыз олардың жөргегіне де жетпейтін халі бар, ол тамақтандырудан бөлек.

4, 5, 6 бала қараусыз қалып қызыл жалынның құрбаны болып жатыр, жылда. Неге? Жоқшылықтан.

Ләззат Жанмолдаева, экономист:

Баласын асырау үшін соларға ең қажетті үй жайын, басқасын былай қойғанда күнделікті ішіп-жемінің өзі қиын жағдайда отырған отбасылар біздің елде көп. Әлеуметтік жағдайы жақсы болатын болса, оларды қамап түнгі сменге, бірнеше жұмысқа шықпас еді.

Түк жоқ демейміз. Үкімет бір емес бас-аяғы 8 жәрдемақы беріп жатыр.

Индира Казнанова, көпбалалы ана:

Бірінші күмісті алдым, 6 балаға, бұның көмегі 10 мың 500 тг айына, одан алтын алқаны алдым. 7-мді босанған кезде, бұнікі кішкене несі көп екен 16 мың теңге болды. Неге күлесіз? Сұмдық ақша емес пе енді?

Күлетін емес, жылайтын жөні еді.Кедей бала ертеңгі кедей мемлекет. Осыны ескерген депутаттар 4 млн теңге төңірегінде талқылап бастады.

Ғазиз Құлахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бұл өзге елдің тәжірибесінде болған іс. Бұл төбеден алынған дүние емес.

Бұл дүние бірнеше елде бар. Ана капиталы деп аталады. (Ресей, Беларусь, Германия, Жапония, Швеция, Аустралия, Ұлыбритания, Латвия, АҚШ)

Халық қалаулысы бізге Ресейдің тәжірибесін ұсынып отыр.

Ресейде атқарылған іс-әрекеттерді бағдарлап, оны сараптап көретін болсаңыз, ресейде бала туу өсімінің көбйегені, білімді аналардың, ана денсаулығы жақсарған деген сияқты көптеген факторлардың жақсарғанын көруге болады.

Яғни, ана капиталы енсе, көршіміздей көркіміз кіреді. Ана нан іздеп кетпейді, бала аш қалмайды, баспана деп бас ауыртпайды. Бәрін айт та бірін айт, бюджет көтере ме?

Ләззат Жанмолдаева, экономист:

Біздің бюджетте қазір 90 млрд долларға дейін жуық қаржы бар деп ақпарат берілуде ұлттық банкте. Ресейде бір Мәскеуде тұратын халықтың өзі бүкіл бізідң Қазақстанның халқымен тең. Ал біздің жеріміздің астындағы байлығы мен сол Ресейдің жер астындағы байлығы артық болмаса кем емес.

Жоба жалпы жаман емес сияқты бір қарағанда. Бірақ таяқтың екі ұшы бар дейді экономист.

Сапарбай Жобаев, экономист:

Бала туылған кезде 100 мыңдық жәрдем, одан 4-ші бала туса, 150-160 мыңның жәрдем берілуі бүгінгі күні сол кездегі халықтың жағдайын жақсартуға жетеді.

Біздегі бюджеттегі ақшаның тең жартысы әлеуметтік шығындарға кетеді. Әлемдік тәжірибе де солай. Сол себепті млндарды бәріне жаппай беру артық болады. Шын мұқтаж жандарға ғана тағайындалсын дейді. Әйтпесе.

Сапарбай Жобаев, экономист:

Егер де біз жаппай барлығына осы ана капиталын берейік десек, бізде көп джағдайларда дәуелтті адамдрдың келіндері, солардың әйелдері, солардың қыздары көбірек пайдаланып кетеді. Неге? себебі көбінесе ауылдық жерде жүргендердің квартирада бір құжаты тура келмей қалады, пропискасы я бірдеңесі тура келмей қалады, я болмаса аты тура келмей қалады да, ол мұқтаж адамның ақша алу, ана капиталын алуына ала алмауына бір себептер көбейіп кетеді. Бізде бюрократия өкінішке орай бар.

Депутаттардың ұсынысын аналар жылы қабылдады. Әзіл-шынын араластырып жазған жазбалар жетеді.

Бірақ млн-дарды берген, берейін деп жатқан Үкімет жоқ! Жауапты министрліктің ресми жауабын тыңдаңыз!

- Қазақстанда қалыптасқан балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың ұлттық жүйесі аналар мен олардың балаларына түрлі материалдық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін 6 жәрдемақы мен 2 төлемді қамтиды. Сол себепті қазір министрлікте ана капиталын енгізу туралы мәселе қаралмайды, дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Бермейтінін іштей сезді аналар, бірақ үмітсіз шайтан деген.

Индира Казнанова, көпбалалы ана:

Оның берілетініне өз басым сенбеймін. 4,2 млн тұрмақ ол мына 42500 теңге мен АСП-ны беріп алсыншы бірінші. Осыны жақсылап беріп алсын.

Ал ана капиталының негізгі көздегені демографиялық дүмпу еді. Ол бізге керек ақ.

Ләззат Жанмолдаева, экономист:

БҰҰ-ның зерттеулеріне қарасақ, мемлекетте қарттар саны 7 пайыздан асып кететін болса, яғни ол қартайған мемлекеттердің қатарында, ал қазіргі таңда біздің елдегі қарттар саны 6,6 пайыз.

Яғни алдағы он жылдықта қазақ мүддесі үшін жұмыс істейтін жасты табу қиындайды. Қош.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!