Тоқаевтың 9 маусымдағы кездесулері туралы хабарландыру жарияланды

09:01, 9 маусым 2023

© Сурет: akorda.kz

Бүгін Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желька Цвияновичпен кездесу өткізеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны, ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Армида Алисджабананы және БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі – БҰҰДБ әкімшісінің орынбасары Ивана Живковичті қабылдайды.

Сонымен қатар Президент:

– Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Януш Войчеховскиймен;

– Total Energies директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Патрик Пуяннемен;

– Sun Seven IG басқарма төрағасы У Чжэнмен;

– ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен бірқатар кездесу өткізеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!