Тоқаев Ұлттық спорт қауымдастығының басшысына ұлттық спорт түрлерін дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды
14:33, 2 ақпан 2023
95

© Фото: zakon.kz
2 ақпан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа қауымдастықтың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды.
Исламбек Салжановтың айтуынша, Көкпар, Жамбы ату, Аударыспақ, Теңге ілу, Бәйге, Құсбегілік, Дәстүрлі садақ ату, Тоғызқұмалақ және Асық ату секілді ұлттық спорт түрлерінің федерациялары қауымдастық аясына біріктірілген. Сонымен қатар ұлттық спорттың дамуына сараптама жасалып, жеке-жеке респубикалық федерациялармен институционалдық тұрғыда жұмыс жүргізіле бастаған.
2024 жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге берген Қазақстанның өтінімін былтыр қыркүйек айында Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы бірауыздан қолдады.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы елімізде өтетін ауқымды шараны сапалы әрі жоғары деңгейде ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысының айтуынша, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұлттық спорт шараларымен шектелмеуі керек. Аталған халықаралық спорт сайысы қолөнер, туризм, қызмет көрсету саласы сияқты шағын және орта бизнес өкілдері үшін де тиімді ұйымдастырылып, кәсіптерін ілгерлетуге жағдай жасалуы қажет.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті ұлттық спорт түрлерінің даму тұжырымдамасын әзірлеу қажет екенін және ат спорты ойындарындағы қауіпсіздік мәселесін қарастыруды тапсырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:50, 22 наурыз 2023
Ресейлік ғарышкер Қазақстан халқын Жер орбитасынан құттықтады
-
10:49, 22 наурыз 2023
Қарағандылық Наурыз мейрамын тойлау кезінде қошқарды 110 рет көтерген
-
10:20, 22 наурыз 2023
Смайылов: Наурыз елімізге бейбіт заман, халқымызға құт-береке сыйласын
-
10:11, 22 наурыз 2023
Мирзиеев, Жапаров және Рахмон Қазақстан халқына бақ-береке тіледі
-
09:45, 22 наурыз 2023
Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды