ІІМ қазақстандықтарды алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
© Фото: freepik
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі азаматтарды алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертті. Соңғы уақытта құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдар басшыларының аты-жөні мен фотосуреттерін пайдаланып жасалатын алаяқтық жағдайлары жиілеп отыр.
Қаскөйлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар ашып, өздерін лауазымды тұлға, бұрынғы әріптес немесе таныс ретінде таныстырады. Кейін түрлі сылтаулармен шұғыл түрде ақша аударуды немесе қарызға ақша беруді сұрайды.
Ведомство азаматтарға ақша аудару туралы өтініштерге сенбеуге кеңес береді, тіпті мұндай хабарламалар өзіңіз танитын адамдардың атынан келсе де сақ болған жөн.
Сондай-ақ:
- SMS арқылы келген кодтарды;
- банк карталарының деректемелерін;
- құпиясөздер мен басқа да жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеңіз;
- күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз.
"Осындай хабарлама алған жағдайда, ақпараттың рас-өтірігін міндетті түрде тексеріңіз. Ол үшін адаммен өзіңіз білетін телефон нөмірі арқылы немесе ресми байланыс арналары арқылы хабарласыңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!" – деп атап өтті ІІМ өкілдері.
Бұған дейін алаяқтардың жаңа құрбаны зейнеткерлер болғаны хабарланған еді. Солтүстік Қазақстан облысында 90-ға жуық зейнеткер олардың әрекетінен зардап шеккен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:18, 16 маусым 2026
Алматыда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді тәсілі қолданылуда
-
10:09, 16 маусым 2026
Қарағандыда полицейлерден қашқан әрекетін әлеуметтік желіге жариялаған азамат ұсталды
-
09:58, 16 маусым 2026
Вьетнамда демалыста жүрген турист қыз жұмбақ жағдайда жоғалды
-
09:46, 16 маусым 2026
Лондонда әйелді автобус астына итерді деген күдікпен мультимиллионер банкир ұсталды
-
09:34, 16 маусым 2026
Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қызметінің бағасы бекітілді





