Павлодарда баласын азаптап өлтірген ер адам өмір бойына сотталды
© Фото: pixabay
Павлодарда баласын азаптап өлтірген ер адам өмір бойына сотталды. Іс материалдары бойынша қайғылы оқиға 2025 жылдың қыркүйегінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған баланы азаптау және өлтіру айыбы тағылған К.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Сот материалдарына сәйкес, ер адам ұзақ уақыт бойы өз баласына жүйелі түрде дене жарақаттарын салып келген. Ал 2025 жылдың қыркүйегінде масаң күйде баланы аса қатыгездікпен өлтірген.
"Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және қылмыстық істің өзге материалдарымен толық дәлелденді", – деді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Жәбірленуші тарап бес миллион теңге көлемінде моральдік шығын өндіру туралы талап қойған.
Ал сотталушы мен оның қорғаушысы істі қайта саралап, жеңілірек бап бойынша жаза тағайындауды сұраған.
Сот үкімімен К. қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтеумен өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар жәбірленушінің бес миллион теңге көлеміндегі азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:46, 20 шілде 2026
Шенеунік Ақтауда белең алғанына бір айдан асқан автогаз тапшылығы қашан жойылатынын айтты
-
22:23, 20 шілде 2026
Маңғыстаудың жерасты мешіттері: Қарин ЮНЕСКО номинациясына қалай дайындалғанымызды айтып берді
-
21:56, 20 шілде 2026
Сейсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:33, 20 шілде 2026
Өскеменде жеңіл көлік жол апатына ұшырап, екі жасөпірім қаза тапты
-
20:30, 20 шілде 2026
Мемлекеттік академиялық би театрына Болат Аюхановтың есімі берілді





