Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қызметінің бағасы бекітілді
© Фото: freepik
Қаржы министрінің 2026 жылғы 10 маусымдағы бұйрығымен мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қолжетімділік алу) қызметінің бағалары бекітілді. Қызметті "Электрондық қаржы орталығы" АҚ ұсынады.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қызметінің құны өтінімнің шекті сомасына қарай белгіленеді:
- 1 миллион теңгеге дейін – 3 170 теңге;
- 10 миллион теңгеге дейін – 31 695 теңге;
- 100 миллион теңгеге дейін – 63 391 теңге;
- 1 миллиард теңгеге дейін – 190 172 теңге;
- 1 миллиард теңгеден жоғары – 386 683 теңге.
Құжатқа сәйкес, қызмет құны жеткізуші қатысатын лоттардың жоспарланған сомасынан немесе жасалатын шарттың жоспарланған құнынан есептелетін өтінімнің ең жоғары сомасына қарай анықталады.
Шектеу әрбір өтінім мен шартқа жеке қолданылады. Алайда төлем жасалған кезең ішінде берілетін өтінімдер мен жасалатын шарттардың санына шектеу қойылмайды.
Қызмет ақысы жылына бір рет, төлем жасалған күннен бастап есептелетін 12 айлық мерзімге төленеді.
Көрсетілген бағалар қосылған құн салығын (ҚҚС) қоспағанда белгіленген.
Бұйрық 26 маусымнан бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:53, 19 шілде 2026
Қазақстан Қара теңіздегі дрон шабуылдарын қатаң айыптады
-
17:52, 19 шілде 2026
20 шілдеде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
17:14, 19 шілде 2026
Қостанайда өртенген үйден өрт сөндірушілер 50 литрлік газ баллонын алып шықты
-
16:59, 19 шілде 2026
+45 градус: Қазақстанның қай өңірлерінде аптап ыстық сақталады
-
16:01, 19 шілде 2026
Алакөлде паром басып кеткен әйел екі аяғынан айырылды





