Тоқаев үкімет пен парламент негізгі мәселелердің шешімін бес жылда табуы қажет екенін айтты

10:39, 29 наурыз 2023

© Сурет: akorda.kz

"Алдымызда айрықша маңызды міндеттер тұр. Біз жан-жақты жаңғырту жұмысын күшейтуіміз қажет" деді мемлекет басшысы VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясында, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық даму барысына тың серпін беруіміз керек екенін айтты.

"Еліміз ұзақ уақыт бойы қолайлы сыртқы ахуалға арқа сүйеп келді. Неше түрлі тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сенді. Атқарылған жұмыс туралы жалған есепке сенуге мәжбүр болды. Алайда, аса маңызды, өзекті мәселелер назардан тыс қалды. Халықтың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін жақсы емес. Құқықтық әділетсіздік белең алды. Бай мен кедейдің арасы алшақтай түсті". Тоқаев

Алдағы бес жылда Үкімет және Парламент осы негізгі мәселелердің шешімін табуы қажет. 

Президент Үкімет және Парламентке Алдағы бес жылда негізгі мәселелердің шешімін табуды тапсырды.

"Біз еліміздің белдеуін бекемдеп тартуымыз керек. Экономикада және әлеуметтік салада жылдар бойы жиналып қалған түйткілдер бар. Оның барлығын ретке келтіруіміз қажет. Сол үшін жұрттың бәріне бірдей жаға бермейтін, бірақ тиімді әрі қажетті шешімдер қабылдау керек болады", - деді мемлекет басшысы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!