Жамбыл облысында қолайсыз ауа райына байланысты 450-ге жуық жүк көлігі жолда қалған
© Сурет: polisia.kz
2025 жылдың 10 желтоқсанына қараған түні Жамбыл облысында тұрақтар мен автотұрақтарда 450-ге жуық жүк көлігі жолға шыға алмай, тұрып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, түнгі уақытта республикалық маңызы бар Батыс Еуропа — Батыс Қытай тас жолында бірнеше жерде жүк көліктерінің топталуы тіркелді:
- 240-шақырымда (Қайнар ауылы) – шамамен 250 жүк көлігі,
- Ақыртөбе ауылы маңында – 50-ге жуық көлік,
- 518-шақырымда (Жамбыл ауданы) – 150-ден астам ауыр жүк көлігі тұрып қалған.
"Жамбыл облысында қолайсыз ауа райының салдарынан полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Тәулік бойы жүргізіліп жатқан бақылау мен алдын алу шараларына 50-ге жуық полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Олар жол-көлік оқиғаларының алдын алып, автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсетіп, қажет болған жағдайда көліктерді сүйемелдеуді жүзеге асыруда", делінген полиция хабарламасында.
Жолды қардан тазалау және қозғалысты қалпына келтіру жұмыстары күшейтілді. Түркістан облысы бағыты бойынша алты арнайы техника, жаңа Қордай асуында – алты бірлік (төрт жол машиналары, екі грейдер), ал ескі Қордай асуында – бес техника (төрт жол машиналары, бір грейдер) жұмыс істеп жатыр.
"Түркістан облысы бағыты бойынша қозғалыс бүгін сағат 12:00-де толық ашылды. Ал жаңа Қордай асуында қозғалысты қалпына келтіру жұмыстары сағат 15:00-де аяқталуы жоспарлануда. Жүк көліктері кептеліс туғызбауы үшін оларды кезең-кезеңімен өткізу ұйымдастырылған. Қолайсыз ауа райына қарамастан, өңірде төтенше жағдайлар мен жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ". Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі
Полиция қызметкерлері жолда қалып қойған жүргізушілерге көмек көрсетіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастыруда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:03, 10 желтоқсан 2025
Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында екінші қарсыласын да нокаутқа жіберді
-
21:57, 10 желтоқсан 2025
Сәкен Бибосынов та финалға шығу үшін таласатын болады
-
21:47, 10 желтоқсан 2025
Теміртас Жүсіпов жартылай финалға өтіп, әлем чемпионаты медальдарынан үміткер атанды
-
21:32, 10 желтоқсан 2025
«Тілін кеспек болған». Павлодарлық бала өзіне тиіскен сотқарлар туралы оқиғаны ойдан шығарғанын айтты
-
21:17, 10 желтоқсан 2025
Ақтауда көлікке бензин құйып жатқанда аузында темекесі болған оператор жазаланды





