Ақтауда көлікке бензин құйып жатқанда аузында темекесі болған оператор жазаланды

21:17, 10 желтоқсан 2025

© Сурет: Zakon.kz

Маңғыстау облысында көлікке бензин құю кезінде темекі шегіп тұрған бекет операторына айыппұл салынды. Аталған жайттың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 10 желтоқсанда Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Ақтау қаласы, 25 ықшам ауданындағы АГҚС операторының қызметтік міндетін атқару кезінде темекі шегіп тұрғаны анықталды. Тексеру нәтижесінде оған ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұл бапқа сәйкес, кінәлі тұлғаға 5 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылады (19 660 теңгеден 589 800 теңгеге дейін).

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!